Kyzylorda-news.kz  Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында темір жолы арқылы өтетін аспалы көпірдің құрылысы 1989 жылы басталып, аяқсыз қалған еді. Былтыр  құрылыс нысанына сараптама жасалып, мамандар негізгі элементтерінің жарамдылығын растады. 

Облыс әкімінің қолдауымен жоба қайта қолға алынды. Өйткені, бұл көпірдің маңызы зор. Себебі, Сырдария өзенінің батыс жақ беткейіндегі 11 елді мекендегі 15 мыңға жуық тұрғынның аудан орталығымен және республикалық маңыздағы автожолға тікелей қатынас құруына мүмкіндік береді. Жоба құны 1 млрд 414 млн құрайды. 

Мердігер мекеме биыл құрылыс жұмыстарын аяқтап, теміржол үстімен өтетін өткел ел игілігіне берілмек. Осы орайда, Жол активтері сапасының ұлттық орталығы мамандары нысанға 28 рет тексеріс жүргізіп, 90-ға жуық сынама зертханалық тексеруден өтті. Филиал директоры Мақсат Мұқанов мамандармен бірге ел асыға күтіп отырған көпірдің жай-күйін бағамдап, құрылыс жұмыстарын саралады.

Тағы да оқыңыз: