Kyzylorda-news.kz «Марал-Нұр» ЖШС Қазақстан теміржол саласында жиырма жыл бойы сапалы қызмет етіп келе жатқан жетекші операторлардың бірі.
Компания аймақаралық «Қызылорда – Павлодар» және «Жезқазған – Астана» бағыттарында тұрақты қатынастарды қамтамасыз етеді.
Биыл Қызылорда қаласында заманауи «Цифрлық депо» кешенін іске қосу жоспарда бар. Дәл қазір 90% жұмысы аяқталған.
Бұл жоба - жолаушылар вагондарын жөндеу мен техникалық қызмет көрсетуді жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды бастама.
Кешеннің ерекшелігі - жөндеу процесінің барлығы цифрлық басқару жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Бұл шешім қызмет сапасын арттырумен қатар, уақыт пен шығынды үнемдеуге мүмкіндік береді.