Kyzylorda-news.kz. Қауырт қызметтегі мамандарға да моральдік-психологиялық қолдау аса қажет.  Осы бағытта Қызылорда өңірінде іссапарда жүрген ҚР ТЖМ Медициналық-психологиялық басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Светлана Мұратбекова мен бас маман-психологі азаматтық қорғау подполковнигі Дария Акитова Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментіне тематикалық тексеру жұмысын жүргізді. 

Сонымен бірге ұжымдағы моралдық-психологиялық ахуалды анықтау мақсатында анонимді сауалнама алып, жеке құраммен кездесу сағатын өткізді. Сонымен қатар бас маман-психологі азаматтық қорғау подполковнигі Дария Акитова Қызылорда облысы ТЖД психологі азаматтық қорғау подполковнигі Арайлым Тілеуқабыловамен бірлесіп, ұжымдық қарым-қатынасты жақсарту  мақсатында тренингті өткізді. Тренинг әсерінің ерекше болғандығын атап өткен өңірдің қызметкерлері психология саласының кәсіби мамандарына алғыс білдірді.

Тағы да оқыңыз: