maslihat_sailauy

Kyzylorda-news.kz Бүгін Сырдария ауданының әкімі Б. Сәрменбаевтың төрағалығымен телекоммуникация саласын дамыту және аудан аумағындағы байланыс сапасын арттыру мәселелеріне арналған мәжіліс өтті. Мәжіліс барысында елді мекендерді сапалы интернетпен қамту, ұялы байланыс желісінің тұрақтылығын қамтамасыз ету, байланыс инфрақұрылымын жаңғырту және интернет желісінің қолжетімділігін арттыру мәселелері қаралды.

Аудан басшысы аталған мәселелерге орай Сырдария желілік техникалық учаскесінің басшысына бірқатар кемшіліктерді атап көрсетті. Сонымен қатар, телекоммуникациялық инфрақұрылымның жұмысын қамтамасыз ету мақсатында байланыс желілері мен бағаналарына ағымдағы жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастыру, анықталған ақауларды уақытылы жою жөнінде нақты тапсырмалар жүктелді.

Бүгінгі таңда аудан бойынша барлық елді мекендер ұялы байланыс операторларының мобильді интернетімен қамтылған.

Ауданы бойынша телекоммуникациялық қызметтерді  Сырдария желілік техникалық учаскесі мен Қызылорда қалалық желілік техникалық учаскесі көрсетеді. Сонымен қатар, «Транстелеком» АҚ телекоммуникация операторының аймақтық филиалы көмегімен Айдарлы, Жетікөл, Қоғалыкөл, Н.Ілиясов, Шіркейлі, Ақжарма және Бесарық ауылдары талшықты-оптикалық байланыс желісін пайдалануда.

Сырдария телекоммуникация 2.jpg

Тағы да оқыңыз: