Kyzylorda-news.kz Үкімет отырысында QazaqGaz басқарма төрағасы Санжар Жаркешов тек оң нәтижелерді баяндаған соң, Премьер-министр Олжас Бектенов одан проблемалық мәселелерді ашық айтуын талап етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Үкімет отырысында QazaqGaz ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Санжар Жаркешов баяндама жасады. Кейін Үкімет басшысы Олжас Бектенов компания басшысына ескерту жасады.
Жұмыстарыңызда ешқандай мәселе жоқ па сонда? Тек қана жұмыстың оң нәтижелерін көрсеттіңіз. Проблемалық мәселелерді көбірек айту қажет. Жарыққа шығарып, талқылау қажет. Бар ма мұндай мәселе?, — деп сұрады Премьер-министр.
Жаркешов Қашаған зауытындағы баяу жұмыс туралы айтты.
Қашағандағы өңдеу зауытының мәселелері болды. Оның құрылыс жұмыстары баяу жүрген еді. Қазіргі таңда басқа мердігер келгелі бері құрылыс мәселе шешіліп, 100 пайыз жабдықтар Қытайдан келді. Құрылыс ұлғайтылды. Қазір белгіленген мерзімде құрылысты аяқтауды жоспарлап отырмыз, — деді Санжар Жаркешов.
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі