Kyzylorda-news.kz. Халық қауіпсіздігі үшін қалтқысыз қызметтегі Қайрат Қыдыралиұлы құтқарушы ғана емес төрт дөңгелекті темір тұлпардың қыр сырын меңгерген техник-механик. Әңгімемізге арқау болған 22 жылдан аса тәжірибесі бар бүгінгі күннің батырымен ұялы байланыс арқылы сұхбатымызды өрбіттік. 

Қайрат  Қыдыралиұлы радиациялық-химия бөлімнің бас құтқарушы лауазымын абыроймен атқарып келе жатқан кәсіби маман 2 ұл 1 қыз тәрбиелеп отырған ардақты әке, аяулы жар. Бүгінде ол 2 айға жуық   Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарына аттанған Сыр құтқарушылар қатарында. Айта кету керек топан судың алдын алу және жою кезіндегі қажетті техникаларға уақытылы күтім көрсетіліп, олардың үздіксіз жұмыс жасап тұруына жоғары санатты құтқарушы Қайраттың еңбегі орасан зор. Ол бұл өнер атадан балаға берілген қасиет болса керек.

Бала кезден әкемнің көлік жөндеп жатқанда қасында жүріп, қатты қызығатынмын. Ал қазір өзімнің балаларым менің жанымда дәл солай құрақ ұшып техника жөндеуге көмек көрсетеді. Өмір алма кезек деген осы шығар, − деп жымиып еске алды.

Төтенше жағдай кезінде жұмыстың дұрыс үйлестірілуі және ұжымның ауызбіршілігі аса маңызды.  Осы орайда өз әріптестерімен мақтанған кейіпкеріміз, қандай жағдай болмасын ел амандығы үшін кез-келген жағдайда көмек көрсетуге дайын екендіктерін айтты. Ол өзінің көп жылғы еңбегінің арқасында ІІ дәрежелі «Құтқарушы», «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін», ІІІ дәрежелі «Төтенше жағдайлар жүйесіне еңбегі сіңген қызметкер»  төс белгісі сондай-ақ, ТЖМ  бірнеше мәрте алғыс хатын иелеген Қайратты құтқарушының жоғары санатты бас құтқарушыға дейінгі мансап баспалдағы жас құтқарушыларға үлгі өнеге. Расында ол қызметке қабылданған жас буынға кәнігі құтқарушыға тән қасиеттерді игертіп, мамандықтың қыр сырын үйретуде таптырмас ұстаз екенін ұжым әлде қашан мойындаған. Қауіпті әрі жанқиярлық мамандықты өмірлік ұстанымына айналдырған кейіпкеріміз сұхбат барысында қызмет бабында кездескен түрлі оқиғаларымен бөлісті.  Сондай-ақ, табиғи және техногендік сипаттағы апат салдарынан зардап шеккен тұрғындар мен олардың мал-мүлкін  құтқару қашанда абыройлы және ер азаматтарға лайықты қызмет. Сондықтан да   қай уақытта болмасын құтқарушы мамандығының мәртебесі биік деп есептейді.

Мейрамгүл ДАУЛБАЙҚЫЗЫ,

Тағы да оқыңыз: