Kyzylorda-news.kz Сенатор Лукин Үкіметке әскери қызметшілерге әлеуметтік жеңілдіктерді қайтаруды және олардың мәртебесін көтеруді ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сенатор Андрей Лукин премьер-министр Олжас Бектеновке осындай депутаттық сауал жолдады.

Депутаттың айтуынша, қазіргі жағдайға талдау жасағанда бұрын әскери қызметкерлерге берілген көптеген әлеуметтік жеңілдіктер жойылғанын немесе жақсы жаққа өзгермегені анықталған. Әсіресе, дене күші мен ар-намысқа тікелей қатысы бар ерекше қызмет жағдайы аясында ол аса маңызды болып отыр.

«Қазіргі кездегі қауіп-қатерді, сондай-ақ әлемде болып жатқан әлеуметтік-саяси процестерді ескере отырып, Үкімет әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыруды жақсарту жөнінде кезең-кезеңімен шаралар қабылдау мәселесін пысықтауы қажет. Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің теміржол көлігімен жылына бір рет демалысқа бару және кері қайтуда тегін жол жүру, қоғамдық көлікпен, қалалық, қала маңындағы және жергілікті қатынаспен жол жүруде, даладағы жаттығу төлемдерін беру, коммуналдық қызметтерді 50%-ға өтеу сияқты әскери қызметшілердің әлеуметтік жеңілдіктеріне басымдық беру қажет болып отыр», - деді Андрей Лукин.

Осы мәселелерді шешу үшін «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет. Сенатор аталған жеңілдіктерді қабылдау әскери қызметтің тартымдылығын арттырады және Қарулы Күштердің, басқа әскерлер мен әскери құралымдардың имиджін айтарлықтай арттырады деп санайды.

Фото: qaz.ulysmedia.kz

Тағы да оқыңыз: