Kyzylorda-news.kz Жалағаш ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ғани Сүлейменовтің төрағалығымен мәжіліс өтті. Жиында облыс және аудан әкімдері тарапынан берілген тапсырмалардың орындалуы, сондай-ақ «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстардың барысы қаралды.

«Ауданның санитарлық тазалығы тұрақты бақылауда болуы керек. Әрбір елді мекенде тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету, анықталған кемшіліктерді уақытылы жою және жұмыстардың сапасына жауапкершілікпен қарау қажет», – деді Ғани Сүлейменов.

Мәжілісте санитарлық тазалықты сақтау, жол белгілерін талапқа сай орналастырып, сырлау, ескірген тақырыптық билбордтар мен баннерлерді жаңарту, жарықшамдар мен орындықтарды ретке келтіру, қоғамдық орындар мен көшелердің тазалығын қамтамасыз ету мәселелері айтылды. Сонымен қатар, ғимараттардың қасбеттерін ретке келтіру жұмыстарын уақытылы жүргізу қажеттігі ескертілді.

Сондай-ақ, сенбіліктерден кейін шабылған шөптерді белгіленген орындарға дер кезінде шығару тапсырылды. Жиын қорытындысы бойынша жауапты сала басшыларына, кент және ауыл әкімдеріне хаттамалық тапсырмалар берілді.

Тағы да оқыңыз: