Kyzylorda-news.kz Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Осыған орай, Қазақстан Халық партиясы Қызылорда облыстық филиалы «Қызылорда тазалығы» ұжымымен кездесті. 

Мұнда 500 ге жуық адам еңбек етеді. Күннің ыстық, суығына қарамастан адал еңбек етіп, қаланың тазалығын сақтап жүрген «Қызылорда Тазалығы» ЖШС ұжымы зор құрметке лайық. Таңның атысы мен кештің батысына дейін көше аралап жүретін азаматтарға барынша қолдау көрсетілуі қажет.  

Шара барысында Қазақстан Халық партиясы өкілдері ұжымды партия атынан құттықтап, олардың лайықты жұмысы үшін алғыс білдіріп, құттықтау хат табыстады. Жұмысшы мамандықтар жылы – жұмысшылардың мәртебесін арттыруға, жастарды осы салаға тартуға және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлауға бағытталған. Партия ұйымдастырып отырған салтанатты құттықтау шарасы жұмысшы мамандықтарды құрметтеу мен қолдаудың символына айналып, еңбек ұжымдарының Қазақстанның тұрақты және табысты дамуының қалыптасуындағы маңызын айқындайды және де бұл бастама жұмысшы мамандық иелерін дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болып қалыптасу идеясын насихаттауды көздейді.

Фото: ҚХП Қызылорда облыстық филиалы

Тағы да оқыңыз: