Kyzylorda-news.kz Облыс әкімінің орынбасары С.Қожаниязовтың 2024 жылғы 01 наурызымен 31 мамыр аралығында «Таза су айдындары» акциясын өткізудің іс- шара жоспары бекітілді. Осыған байланысты аудан (қала) әкімдіктері мен бірлесе отырып, іс-шара жоспары белгіленген тапсырмаларды  уақытылы ұйымдастыруды және іс-шараның орындалуын міндеттелген.

Осы іс-шараға байланысты Балық шаруашылығының маңызы бар су айдындарында табиғат пайдаланушылар мен бірлесе отырып жұмыстар атқарылды. Іс-шараға «Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлері табиғат пайдаланушылармен бірлесіп, балық шаруашылығының маңызы бар су айдындарында және Сырдария өзенінің жағасындағы қоқыстардан тазаланды, – дейді «Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекеме» КММ-нің ихтиологы Б.Нұғыман.

Сонымен қатар, «Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі ММ» КММ-нің ихтиологы Б.Нұғыман және Арал Сырдария облыс аралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері Е.Кушкенбаев, Р.Сейтмуратовтардың қатысуымен су айдындарында «Таза су» акциясы өткізілді.

Фото: kazaknews.kz

Тағы да оқыңыз: