Kyzylorda-news.kz  Облысымызда балық шаруашылығын дамытып, су маржандарынның тіршілігіне қолайлы жағдай жасау мақсатында дәстүрлі “Таза су акциясы” жүргізілуде. Акцияның басты мақсаты облыс көлемінде орналасқан су айдындарының жағалауларын күл қоқыстан, түрлі тұрмыстық қалдықтардан тазарту.

15 наурызда басталған акция бүгінде табиғат пайдаланушылармен бірге Қазалы ауданындағы резервтік қорда орналасқан Ащыкөл көлінде жалғасуда. Атап өту керек, ауқымды акцияға Қазалы орман мекемесінің қызметкерлері қатысты.

Қызметкерлер көлдің айналасындағы қоқыстарды жинастыру, тазалау жұмыстарын жүргізіп, 2 қытай ауы және 400 кг әртүрлі қоқыс қалдықтарын арнайы қоқыс алаңына шығарды. Іс-шараға 5 адам, 1 техника жұмылдырылды.

Фото: Табиғи ресурстар басқармасы Қызылорда

Тағы да оқыңыз: