Kyzylorda-news.kz «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Сыр өңірінде "Таза Қазақстан – таза аймақ" экологиялық науқаны сәйкес «Таза өлке» апталығында Сырдария ауданы тұрғындары белсенділік танытуда.
Аудан бойынша барлық елді мекендерде санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп, ауыл ішілік арықтар тазаланып, ағаштарды көктемгі қырқу, әктеу, сыртқы қоршауларды бояу, қоқыстарды шығару жұмыстары жүргізілді.
Бүгінгі акция аясында аудан бойынша 8 техника, 300-ге жуық адамдар қамтылды.
Мәдениеттілігімізді көрсететін тазалықтың адамзат баласы үшін орны ерекше. Туған жерімізді, оның ішінде қоғамдық жерлерде тазалық сақтау арқылы көпшіліктің ризашылығын алатынымызды естен шығармаған жөн. Ол үшін әрбіріміз осы тазалықтың төңірегінде жауапты екенімізді сезіну ғана жеткілікті. Сананың тазалығы арқылы айналаның тазалығына үлес қоса алатынымыз анық.
Өз ортамыз, өз еліміз, өз денсаулығымыз үшін барлығымыз жауапты екенімізді біле аламыз. Негізінен, экологиялық науқан барысында тазалық жұмыстары жан-жақты жүргізілуде. Өз кезегінде науқан кезінде жергілікті тұрғындар белсенділік танытуда. Ел бойынша жүзеге асырылып жатқан іс-шараларға Сырдартя ауданы қарқынды қатыса бермек.
