Kyzylorda-news.kz Жаңақорған ауданында Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында тарихи-мәдени мұраларды сақтау және қоршаған ортаны қорғау бағытында кең ауқымды сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.
Аталған игі іс-шара Талап ауылдық округінде орналасқан Айқожа ишан кесенесі мен Ақтас мешіті аумақтарында өтті. Тазалық акциясына ерікті аудан тұрғындары және баба ұрпақтары белсенді түрде қатысты.
Сенбілік барысында қатысушылар тарихи нысандардың айналасын тұрмыстық қалдықтардан тазартып, қураған шөптерді шауып, әктеу, сырлау, аумақты ретке келтіру жұмыстарын жүргізді.
Осындай бастамалар арқылы тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттырып, туған жердің тазалығына ортақ жауапкершілік қалыптастыру көзделуде.
Мұндай жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

