Kyzylorda-news.kz  Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Осы мақсатта «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Сыр өңірінде «Таза Қазақстан - таза аймақ» экологиялық науқаны бастау алды. Жаңақорған ауданында да атсалысып,  әр аптада бекітілген тақырыптар бойынша аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде.

«Тазалық – табалдырықтан басталады», демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Тазалықты жанына серік еткен тазалық қызметкерлері ерекше белсенділік танытуда. Науқанның бірінші аптасы «Таза өлке» атауымен аталып, бүгін ұйымдастырылған игі бастамаға кент әкімдігінің ұжымы, еріктілер, қоғам белсенділері мен жастар және тұрғындар белсенді қатысты.

– Науқанға барынша үлес қосу және елімізді көркейту-көгалдандыру мақсатында кент тұрғындары мен тазалық мамандары ерекше ықылас білдіруде. Біз бұл жұмыстарды күшейтіп, түрлі шаралар, тазалық челендждері, ағаш отырғызу акцияларын, жалғызбасты қариялардың үйлерінің аумақтарын тазалау жұмыстарын қолға алдық. Бұл халықты игілікті іске шақыру. Әр адам өз үйін әдемі, ауласын таза ұстаса, өңірдің тазалығына көрік қосар еді. Бұндай акцияның тазалыққа пайдасы зор. Әр адам кішкене де болса атсалысып, үлесін қосса, тазалыққа деген жауапкершілігі де арта түседі. Туған жердің тазалығын қадағалау әрбір тұрғынның азаматтық парызы екенін естен шығармайық, – дейді кент әкімдігінің әскери маманы Алма Мамирова.

Акцияға қатысушылар бекітілген аумақтарда әктеу, сырлау жұмыстарын жүргізіп, аялдамаларды, жолаушылар дамылдайтын орындықтарды сырлады.
Бір айдан аса өткізілетін акция аясында түрлі апталықтар жарияланды. Соның негізінде айналаны абаттандырып қана қоймай, арықтар мен су жүйелерін тазалау жұмыстары да жүргізілмек. Иа, туған жерінің ауасын жұтып, суын ішіп, табиғатынан қуаттанған әрбір азамат өз ауласын таза ұстап, қадірлеуі тиіс.
 

Тағы да оқыңыз: