Kyzylorda-news.kz «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Қызылорда қаласында «Таза Қазақстан - таза аймақ» экологиялық науқаны бастау алды. Оның аясында әр аптада бекітілген тақырыптар бойынша аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі.
Нэкологиялық жоба аясында қалада науқанның бірінші аптасы «Таза өлке» атауымен аталып, бүгін ұйымдастырылған игі бастамаға барлық мекеме ұжымдары, үкіметтік емес ұйым өкілдері, еріктілер, қоғам белсенділері мен жастар және тұрғындар белсенді қатысты.
Акцияға қатысушылар бекітілген аумақтарда тал көшеттерін отырғызып, сквер-аллеяларды тазалап, аяқ су жүретін арық көздерін аршыды. Ал, арнайы мекеме жұмысшылары аялдамаларды, жолаушыларға арналған орындықтарды, бағдаршамдарды жуып, жарық бағаналарын сырлады.
Айта кету керек, 2-ші наурыз бен 4 мамыр аралығына облыс әкімінің өкімімен жарияланған екі айлық санитарлық тазалық, көркейту-көгалдандыру шарасы басталғалы қалаішілік арықтар аршылып, негізгі каналдар тазаланды. Соның нәтижесінде 8000-ға жуық тал көшеттері отырғызылды. Екі айлық аяқталғанша 35 мың түп саялы ағаш егіледі. Жас өскіндерге жаңадан құрылған «Жасыл-Қызылорда» мекемесі күтім жасайды.

Тағы да оқыңыз: