Kyzylorda-news.kz Шиелі ауданының әкімі Айтбай Жандарбеков тиісті сала басшыларымен бірге Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында Шиелі ауданындағы абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарының барысын аралап, атқарылып жатқан жұмыстарды жан-жақты саралады.

Аралау барысында кент аумағындағы орталық көшелердің тазалығы, санитарлық жағдайы, кәсіпкерлік нысандардың сыртқы келбеті, демалыс орындарын күтіп ұстау назарға алынды. 

Сонымен қатар, аудан тұрғындарының қауіпсіз ортаны қалыптастыру үшін аудан басшысы жаңа жобаларды қолға алып, жол көлік оқиғаларының алдын алу және жол кептелістерін болдырмау мақсатында автомобиль жолдарын салу мәселесін айқындады. Сондай-ақ жол бойындағы ретсіз қоқыс орындарын жою, көше бойларын біріздендіру және қоғамдық орындардың эстетикалық келбетін жақсарту бағытындағы жұмыстар пысықталды.

Аудан әкімі көркейту-көгалдандыру жұмыстарының сапалы әрі белгіленген мерзімде орындалуы маңызды екенін атап өтіп, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Әсіресе, тазалық жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды күшейту қажеттігін айтты.

Сондай-ақ, аудан басшысы Айтбай Жандарбеков тазалық пен тәртіп - баршаға ортақ міндет екенін атап өтіп, тұрғындарды туған жердің тазалығына бейжай қарамай, қоршаған ортаны қорғау мен елді мекеннің көркеюіне бір кісідей атсалысуға шақырды.

Шиелі абаттандыру жұмыстары 2.jpg

Тағы да оқыңыз: