«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Сырдария ауданы орталығында және елді мекендерде санитарлық тазарту бойынша сенбілік өтті. Тазалық жұмыстарына аудандағы меншік түріне қарамастан барлық мекеме атсалысты.
Сенбілік барысында әрбір мекеме қызметкерлері өздеріне бекітілген көше бойына көркейту-көгалдындыру жұмыстарын жүргізіп, аулаларды қоқыстан тазалады.
Алдағы уақытта да сенбілік жұмыстары жалғасын табатын болады.

