Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында өңірдің барлық елді мекенінде жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылды.
Тұрғындар, қоғам белсенділері және еріктілер айналаны тазарту, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарына жұмылды.
Айта кетейік, жыл басынан бері облыста «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған экологиялық шараларға 316 800 ерікті, қоғам белсендісі, бюджет саласы мен кәсіпорын қызметкері қатысқан.
Жүйелі жұмыс нәтижесінде 8 218 тонна қоқыс қалдығы шығарылды. Елді мекендердегі 510 сквер мен парк, 256 тарихи-мәдени ескерткіш, 1 019 әлеуметтік нысан, өнеркәсіптік және бизнес нысандары, су айдындары мен көшелер тазартылды. Оған 548 арнайы техника пайдаланылды.
Бұдан бөлек, облыстың табиғи-климаттық жағдайына бейімделген 88 567 түп көшет отырғызылды.
Экологиялық бағдарлама аясындағы ауқымды іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасады.

