«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Қармақшы ауданында жалпыаудандық сенбілік өткізілді.

Сенбілікке мекеме басшылары мен қызметкерлері, ардагерлер, жастар және еріктілер де тартылды.

Тазалық жұмыстары барысында орталық көшелер, қоғамдық орындар мен алаңдар ретке келтіріліп, шөптер мен ретсіз өскен өсімдіктерді жұлу, әктеу, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ тасталған қоқыстар тазаланып, арнайы техниканың көмегімен белгіленген орындарға шығарылды.

Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған сенбілік алдағы уақытта да тұрақты түрде ұйымдастырылып, аудан аумағын абаттандыру жұмыстары жалғасын табады. 

FB_IMG_1763232045372.jpg

Тағы да оқыңыз: