Kyzylorda-news.kz  Арал ауданының әкімі Аманжол Оңғарбаев жұмыс сапарымен Атанши ауылдық округіне барды.

Алдымен мектеп ғимаратында ауыл тұрғындарымен жүздесіп, өткен жыл көлемінде ауданда атқарылған жұмыстардың негізгі көрсеткіштеріне тоқталды.

Кездесуде елге ортақ мәселелер де назардан тыс қалған жоқ. Ауыл тұрғындары өздерін толғандырған өзекті деген мәселелерді ортаға салды. Қатарында жол, медициналық бекет және балалар ойын алаңын салу сынды мәселелер бар. Аудан әкімі көтерілген мәселелердің ауыл тұрғындары үшін өзекті екенін айтып, алдағы уақытта кезең-кезеңімен шешуге жұмыс жасайтындығын жеткізді.

Мұнан соң ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына белсене араласып, ауданның өсіп-өркендеуіне үлес қосып келе жатқан бір топ ауыл тұрғындарын аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.

Қазіргі таңда ауыл игілігі үшін «FREEDOM ШАПАҒАТ» корпоративтік қоры арқылы тапсырыс негізінде біршама жұмыстар атқарылуда.

Арал Таза Қазақстан.jpg

Аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы ең алдымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында мектеп ауласына ауыл тұрғындарымен және мектеп оқушыларымен бірге тал егу жұмыстарына қатысты. Алдағы уақытта бұл маңға «Ар-Ай KZ» ЖШС мердігер мекемесі 400-дей қара тал және үйеңкі, 400-дей сексеуіл отырғызатын болады. Мектеп ауласынан 4 жерден жерасты скважинасын қазып, егілген талдарды тамшылатып сурау әдісімен өсірмек. Қосымша су тұщыту қондырғысын орнатылады. Тағы бір айта кетерлігі, ауылдық округ әкімшілігі ғимараты жанына бір скважина қазған. Сонымен бірге ауыл сыртындағы жайылымдық жерден жерасты суын бұрғылап шығару қолға алынуда.

Арал Таза Қазақстан 3.jpg

Ауылдағы мектеп ғимаратының төбесіне «Достар Строй Групп» ЖШС мердігер мекемесі күн панелдерін орнату жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл арқылы алдағы уақытта істеліп жатқан жұмыстарға қосымша қуат көзін тартумен қатар мектептің қосалқы энергия көзін жеткілікті мөлшерде қамту көзделуде.

Тапсырыс беруші «FREEDOM ШАПАҒАТ» корпоративтік қоры алдағы уақытта мектепті қолжетімді ғаламтор желісімен қамтып, білім ордасының медициналық кеңсесіне диагностикалық аппарат орнататын болады.

Аудан әкімі елде жасалып жатқан осы жұмыстарға қанығып, ауылдың өзекті деген мәселесін реттеуде алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жүргізілетінін жеткізді.

Арал Таза Қазақстан 2.jpg

Фото: Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз: