Kyzylorda-news.kz  Қызылорда қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Мөлдір бұлақ» апталығы аясында еріктілердің, қоғам белсенділері мен тұрғындардың қатысуымен су айдындары мен арналарында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» апталығы бұл бірнеше тақырыптық шараларды қамтиды.

Бірінші апта «Таза өлке» деп аталып, тұрғындар қоғам белсенділері мен мекемелер өз аула-жайларын тазалады. «Киелі мекен» апталығы қала аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштерді абаттандыруға бағытталса, «Жасыл аймақ» апталығында ағаш егу жұмыстары жүргізіледі. Ал жас буын «Өнегелі ұрпақ» апталығы кезінде ардагерлер мен қарттар үйінің ауласын жинап, қолғабыс жасайды. Шараның соңғы аптасы «Мөлдір Бұлақ» тақырыбымен өтіп, өзен-көл жағасы тазартылады.

cc03d43f-7d4c-45aa-9ae2-a163f55899a9.jpg7a2745c7-d9ee-4cb4-a5dc-a664b6bdc021.jpg

Тағы да оқыңыз: