Сырдария ауданыны әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысумен Аманкелді ауылында  «Таза Қазақстан» акциясы аясында тал егу іс-шарасы өтті. Игі шараға облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Марат Еспенбетов, аудандық мәслихат депутаты Руслан Каскиев және ауыл ақсақалдары мен тұрғындары қатысты.

Аудан басшысы «Таза Қазақстан» акциясының маңыздылығына тоқталып, оның жай ғана тазалық шарасы емес, ел болашағы үшін мәні бар бастама екенін атап өтті.

FB_IMG_1777781067317.jpg

– Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясы — бұл жай ғана тазалық шарасы емес, бұл біздің туған жерге деген құрметіміз бен экологиялық жауапкершілігіміздің көрінісі. Бүгін егілген мыңнан астам көшет ертеңгі күні саялы баққа айналып, ауылымыздың ажарын аша түсетініне сенімдімін. Тазалық пен көгалдандыру жұмыстары мұнымен тоқтамайды, біз бұл бағыттағы игі істерді жүйелі түрде жалғастыра береміз», — деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Акцияға қатысушылар ауылдағы "Қызылбай" бауында белгіленген аумақта бірлесіп тал көшеттерін отырғызып, көгалдандыру жұмыстарын жүргізді. Жалпы саны 1100 түп көшет егілді. Бұл бастама ауылдың көркейіп, экологиялық мәдениеттің қалыптасуына және тұрғындар үшін таза әрі қолайлы орта қалыптастыруға өз үлесін қосады.

FB_IMG_1777781087575.jpg

Сонымен қатар кеше «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» экологиялық акциясы аясында сенбілік жұмыстары жүргізілді. 

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында көркейту, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары кең көлемде жүргізілуде.

Кент орталығында әрлеу, сырлау-бояу, гүл егу, ағаш көшеттерін отырғызу сынды жұмыстар ауқымды түрде атқарылуда.

Аталған игі шаралар тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттырып, ауданның санитарлық тазалығын қамтамасыз етуге және өңірдің көркеюіне оң әсерін тигізуде. Сонымен қатар тазалық жұмыстары арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастыруға да ерекше мән берілуде.

Айта кету керек, «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы тазалық және абаттандыру шаралары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табатын болады.

FB_IMG_1777781188962.jpg

Тағы да оқыңыз: