Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысында «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтті. Басты мақсат - қоршаған ортаға саналы көзқарасты қалыптастыру және тазалықты сақтаудың маңыздылығын түсіну.
Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шараға аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері, партия белсенділері жалпы 50-ден астам азамат атсалысты.
– Президентіміз Ұлттық құрылтайдың V отырысында «Таза Қазақстан» – ұлттық идеологиямыздың ажырамас бөлігіне айналғандығын атап өтіп, тазалық халқымыздың адал ниеті мен таза пейілінен басталатындығын жетікізді. Осы орайда «Таза бейсенбі” – партияның экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған нақты істерінің бірі. Бұл бастама тек тазалық жұмыстары емес, тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруды көздейді. Партия тарапынан мұндай игі шаралар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады. Қоғам болып атсалысқанда ғана таза орта қалыптастыра аламыз, – деді партияның аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева.
Акция аясында Жалағаш кентіндегі «Тағзым алаңы» саябағына тазарту жұмыстары,оның ішінде талдарды кесу, қураған шөптерді тырмалау, тазалау жұмыстары жүргізілді.
