Kyzylorda-news.kz Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында партия қолға алған «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы бүгін аманаттықтармен Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Ақмая ауылдық округінде ұйымдастырылды.
Тазалық акциясына аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Жібек Баймұратова, Ақмая ауылдық округінің әкімі Ғалымжан Бейсембаев, «Авангард» бастауыш партия ұйымының мүшелері және аудандық филиал қызметкерлері қатысты.
Олар Ақмая ауылындағы Т.Қирабай көшесінде орналасқан балалар ойын алаңы мен спорт кешені маңында тазалық жұмыстарын жүргізді. Шара барысында аумақ қоқыстан тазартылып, қоршаған ортаға ұқыпты қарау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұл бастама – ауыл тұрғындарына үлгі боларлық игі іс.
«AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының атқарушы хатшысы Жібек Баймұратова: «Қоршаған ортаны таза ұстау – әр азаматтың парызы. Біз табиғатқа жанашырлықпен қарап, тазалық мәдениетін бірге қалыптастыруымыз керек. Табиғатты аялау – келешек ұрпаққа қалдырар аманатымыз» – деп атап өтті.
Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған акцияға 30 дан астам адам қатысып, тазалық жұмысына үлес қосты.

