Kyzylorda-news.kz Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен өтетін «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы еліміздің түкпір-түкпірінде жалғасып, қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға айрықша үлес қосуда. 

Бүгін Сырдария ауданында өткен акцияға аманаттықтармен қатар тұрғындар да қатысып, Тереңөзек кентіндегі «Тағзым» алаңын тазалады.

Тазалық іс-шарасына аудан әкімінің орынбасары Роллан Еспенбетов, «AMANAT» партиясының Сырдария аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы, аудандық мәслихат депутаты Алмас Есназар, БПҰ төрағалары, бөлім басшылары мен партия белсенділері қатысты.

«Тазалық өзіміз үшін қажет. «AMANAT» партиясы тарапынан жергілікті әкімдікке қарасты барлық ұйым, мекемелермен бірге тазалық жұмыстары апта сайын жүргізіліп келеді. Тазалыққа үндейтін ұрандар да азаматтар көп шоғырланған жерлерге жазылуда. Бұл жұмыстардың барлығы табиғатқа жанашырлықпен қарау, туған өлкеміздің экологиялық ахуалын сақтауға бағытталуда. Тазалық, жақсы тазартылған емес, оны сақтай білген жерде болады»,- демей ме? Осы мүмкіндікті пайдаланып, барлық жерлестерді акцияның тазалық мәдениетін сақтау сынды негізгі мақсатына жетуіне үлес қосуға шақырамын», – деді партияның Сырдария аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы. 

Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған акцияға 50-ден астам адам қатысты. Нәтижесінде «Тағзым» алаңындағы шөптер шабылып, көше бойындағы ағаш түптері әктеліп, аялдамалар мен көрнекі белгілер жуылды.

Таза Қазақстан Аманат 3.jpg

Тағы да оқыңыз: