Kyzylorda-news.kz Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасын қолдау аясында «AMANAT» партиясымен әр апта сайын ұйымдастырылатын «Таза бейсенбі» экоакциясы бүгін Қазалы ауданында жалғасты.

Кезекті тазалық шарасына партия филиалының Атқраушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев, аудандық мәслихат депутаты Арғын Орымбаев, «Теміржолшы», «Қазалы Келешек» және «Көлік» бастауыш партия ұйымдарының мүшелері, сондай-ақ «Жасыл ел» еңбек жасағының жастары қатысты.

Жалпы 30-дан аса адам қатысқан тазалық жұмыстары барысында Әйтеке би кентіндегі А.Елубаев көшесі қамтылды. Аталған көше маңындағы аумақтардағы қоқыстар теріліп, нәтижесінде 1 тоннаға жуық қоқысты арнайы орынға шығарылды.

Игі шараға қатысушы, аудандық мәслихат депутаты, «Теміржолшы» бастауыш партия ұйымының төрағасы А.Орымбаев аталған экоакцияның қоғам үшін берері мол екенін айтты.

«Таза орта - бұл тек сыртқы көрініс емес, ол адам санасының және қоғамдық мәдениеттің көрсеткіші. Бүгінгі шара табиғатты құрметтеудің нақты көрінісі. Мұндай игі істер арқылы біз адамдардың экологиялық дүниетанымын жаңғыртып, табиғатпен үндесе өмір сүру мәдениетін қалыптастыра аламыз», - деді депутат.

Партия мүшелерінің қатысуымен «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы ұйымдастырылды.jpg

 

Тағы да оқыңыз: