Kyzylorda-news.kz Қоршаған ортаны қорғау және санитарлық тазалықты сақтау бағытындағы «AMANAT» партиясының «Таза бейсенбі» акциясы аманаттықтармен әр апта сайын тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Партияның Шиелі аудандық филиалының белсенділері кент орталығындағы «Достық» аллеясына тазалық жұмыстарын жүргізді.
«Таза бейсенбі» – өте маңызды әрі пайдалы бастама. Бұл шара тек айналаны тазарту ғана емес, сонымен қатар ұжымдық жауапкершілікті арттыруға, табиғатты қорғауға деген саналы көзқарас қалыптастыруға үлкен үлес қосады. Апта сайынғы тазалық жұмыстары бізді тәртіпке, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа баулиды. Қоршаған ортаның таза болуы – әр адамның денсаулығы мен өмір сапасының кепілі. Сондықтан мұндай іс-шаралар жастарға да, ересектерге де үлкен тәрбие береді,- дейді партия филиалының консультанты Нұрсұлтан Сапарбаев.
Тазалық акциясына Жастар рухының еріктілері мен партия жақтастары жалпы 30 - дан астам азамат үлес қосты. Олар аллея маңын қоқыстан тазартып, ағаштар түбін әктеп, аллеяға сән берді.
Атап өтеу керек, Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасына қолдау көрсету бағытында «AMANAT» партиясы қолға алған «Таза бейсенбі» акциясының мақсаты: қоршаған ортаны қорғау және санитарлық тазалықты сақтау, елді мекендерді және қоғамдық орындарды таза ұстауға ынталандыру, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоғамдық жауапкершілікті арттыру, ұжымдық еңбекке баулу мен табиғатты аялау, тұрмыстық қалдықтарды дұрыс басқаруға үндеу.

