Kyzylorda-news.kz Еліміздің барлық өңірінде «AMANAT» партиясының «Таза бейсенбі» акциясы жалғасуда. Ол жаңа экологиялық сана қалыптастырып, азаматтардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруды көздейді. Акция Президенттің «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында өтуде.

Бүгін Қызылордада «AMANAT» партиясы Арал аудандық филиалының ұйымдастыруымен Арал қаласында орналасқан “Домбыра” аллеясына көркейту көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, тазалық акциясы ұйымдастырылды.

Аллея аумағы қоқыстар мен арамшөптен тазартылды.

«Тазалық - баршаға ортақ іс. Туған өлкеміздің тазалығы өзімізге тығыз байланысты. Осыған орай акция басталған уақытта бері ауданымызда ауқымды жұмыстар жасалып жатыр.»,- деді партия филиалының атқарушы хатшысы Талғат Қанатов.

Игі іске аудандық мәслихат депутаттары және партия мүшелері, қоғам белсенділері мен жастар үлес қосты.

Тағы да оқыңыз: