Kyzylorda-news.kz  Қызылорда өңірінде Мемлекет басшысының "Таза Қазақстан" жалпыұлттық бастамасы аясында "Таза бейсенбі" акциясы жалғасуда. 

Бүгін "AMANAT" партиясы Байқоңыр филиалының ұйымдастыруымен Байқоңыр қалалық көпбейінді аурухананың аумағы тазартылды. 

"Таза бейсенбі" акциясына қатысу – әрбір азаматтың табиғатты қорғауға қосқан үлесі. Партия мүшелері туған жерін таза әрі көрікті етуге атсалысып жатыр. Әрбір жиналған қоқыс, тазаланған аумақ – болашақ ұрпаққа қалдырар аманатымыз. Біз осындай іс-шаралар арқылы қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастырамыз деп сенемін", - деді партияның Байқоңыр филиалының Атқарушы хатшысы Мақсат Есбенбетов. 

Игі іске "Денсаулық" БПҰ мүшелері, қоғам белсенділері мен жастар, жалпы 40-ға жуық азамат үлес қосты. Экологиялық акция барысында 100 метр жер аумағы тазартылып, 11 қап қоқыс жиналды.

Тағы да оқыңыз: