Kyzylorda-news.kz Қызылорда өңірінде Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «Таза бейсенбі» акциясы жалғасуда. 

Бүгін «AMANAT» партиясы Байқоңыр филиалының ұйымдастыруымен Байқоңыр қаласындағы Абай ескерткіші аумағына тазалық жұмыстары жүргізілді. Аманаттықтар ескерткіш шаңын сүртіп, гүлзарларды арамшөптерден тазратып, жаңа гүлдермен толықтырды. Сонымен қатар, аллея ішін сыпырып, күл – қоқыстан тазартты.

Игі іске партия филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары және жастар, жалпы 40-қа жуық азамат үлес қосты.

«2025 жылдың 10 тамызында ұлы қазақ ақыны, философы, сазгері және ағартушысы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толды. Оның шығармашылығы қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына негіз болды. Қара сөздері бүгінгі күнге дейін өзекті болып, жаңа буындарды шындық пен үйлесімділікке ұмтылуға шабыттандырады. Бүгін Ұлы Абай ескерткіші аумағы тазартылып, ұлы ақынға құрмет көрсетілді. «Таза бейсенбі» акциясы аясында ұйымдастырылған тазалық жұмыстарына белсенді қатысқан партияластарымызға алғыс білдіреміз", - деді партияның Байқоңыр филиалының атқарушы хатшысы Мақсат Есбенбетов.

Жалпы жоба аясындағы тазалық жұмыстары жыл соңына дейін жалғасатын болады.

Тағы да оқыңыз: