Kyzylorda-news.kz «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «AMANAT» партиясы қолға алған «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына бүгін Қызылорда облысы, Қармақшы ауданындағы аманаттықтар өз үлесін қосты.
Экологиялық акцияға партия қызметкерлері, партия мүшелері, ауданға қарасты мекеме қызметкерлері қатысып, Жосалы кенті, Амангелді көшесінің бойына тазалық жұмыстарын жүргізді.
– Аудан тұрғындарының тұрмыс жағдайын жақсарту мақсатында әр түрлі тазалау жұмыстарын жүргізіп, қоршаған ортаны таза ұстаудың маңыздылығы жоғары. Мұндай шаралар экологиялық мәдениетті арттырып, жұртшылықты қоғамдық жұмыстарға белсене қатысуға шақырады. Бүгін партияның Қармақшы аудандық филиалына қарасты бастауыш ұйымдар да өз мекемелері ауласына тазалық жұмыстарын жүргізді. Бір мезетте жүргізілген жұмыстарға аудан тұрғындары да ат салысты. Бұл тұрғындардың «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамаға бей-жай қарамайтындығының дәлелі деп білемін, – деді партияның Қармақшы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ғалымжан Ақжігітов.
Бүгін экологиялық акцияға 60-тан астам адам қатысып, 2 тонна шамасында қоқыс шығарылды. 50 түп ағаш түбі ақталды.