Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда облыстық татар этномәдени бірлестігінің 30 жылдығына орай, дүниежүзілік татарлар Конгресі Ұлттық Кеңесінің мүшесі, Татарстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері Альберт Бурханов бастаған делегация Қармақшы ауданындағы «Қорқыт Ата» атындағы мемориалдық кешеніне барды. 

Қармақшы ауданында орын тепкен Қорқыт Ата мемориалдық мұражайындағы құнды жәдігерлер мен кешен аумағындағы соққан желмен үндескен қобыз ескерткішін көзбен көрді. Олар қазақ мифологиясындағы Көк тәңірінің олжасы мен теріс күштерден қорғаушы символы саналатын қошқар мүсінін, көне Рим дәуіріндегі архитектуралық құрылыс үлгісінде салынған амфитеатрды тамашалады.
Сондай-ақ, түркі жұртының ортақ абызы Қорқыт Ата өмір сүрген дәуірдің тарихы мен мәдениеті жайлы ауқымды мәліметтер мен аңыз әңгімелерге қанық болды.

Айта кетейік, облыстық татар этномәдени бірлестігіне 30 жыл. Өңір тарихындағы ең алғашқы этномәдени бірлестіктердің бірі – облыстық татар этномәдени бірлестігі болып табылады. Осыдан 30 жыл бұрын 27 қаңтарда 1991 жылы құрылған этномәдени бірлестік өңіріміздің өркендеп, өсуіне сүбелі үлесін қосып келеді. Бүгінде елімізде 300 мыңнан аса татарлар өмір сүріп жатыр. Ал Сыр өңірінде татар этносының 1500 өкілі бар.

Еске сала кетейік, 3 желтоқсан күні Достық үйінің концерт залында сағат 16:00-де бірлестіктің 30 жылдығы аталып өтіледі. 

Мемориалды тақта ашылды

Қармақшы ауданынан кейін Татарстан Республикасынан келген делегация Қазалы қаласына барды. Онда делегация мүшелері №16 мектеп-лицейінде Фуат Сәйфелмөлековты еске алу мемориалды тақтасының ашылуына қатысты.

Шараға Қазалы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қайрат Әбубәкірұлы, «Қоғамдық келісім» КММ орынбасары Дәулет Омаров, татар этномәдени бірлестігінің жетекшісі Галия Гизатуллина, этносаралық қатынастар бөлімінің аға сарапшысы Светлана Крюгер және мектеп ұжымы қатысты.

Шара аясында I дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденінің иегері атанған, Ұлы Отан соғысына қатысушысы, татар халқының ұлы жазушысы Мұса Жәлилдің жансерігі болған Фуат Сәйфелмөлеков туралы естеліктер мен жылы лебіздер айтылды.

Делегация мүшелері көрсетілген құрмет үшін, шара ұйымдастырушыларына шексіз ризашылықтарын білдірді.

317643891_3370777406574749_8381586211559335457_n.jpg
317778990_3370777446574745_4145007905987300803_n.jpg
317830910_3370777476574742_7395196769585596362_n.jpg

317940908_3371000956552394_5885005708149889797_n.jpg317726143_3371001099885713_3322047332434130898_n.jpg

Тағы да оқыңыз: