Kyzylorda-news.kz Қызылордада «Таза бейсенбі» акциясы Тасбөгет кентіндегі Байқадам каналының жағалауы мен сол маңдағы тұрғын үйлер аулаларында ұйымдастырылды.

Экологиялық шараға Amanat  партиясының облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай, атқарушы хатшы Ләйлә Төрешова, партияның облыстық филиалы жанындағы экологиялық кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдары, «Жастар Рухы» жастар қанаты және қоғам белсенділерінен құралған 100-ге жуық азамат қатысты.

Шара барысында қатысушылар канал бойы мен аулаларды қоқыстан тазартып, санитарлық жұмыстар жүргізді.

702659435_18361526860224664_4300103435070393089_n.jpg

Партияның облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай акцияның маңыздылығына тоқталып өтті.

«Бүгінгі шараны өткізу туралы Тасбөгет кентінің тұрғындарынан өтініш түскен болатын. Азаматтардың ұсынысын қолдап, тұрғындарды жұмылдыра отырып, осы аумақта тазалық жұмыстарын ұйымдастырдық. «Таза Қазақстан» – қоршаған ортаға жанашырлық танытып, туған жердің тазалығына әр азаматтың жауапкершілікпен қарауын көздейтін маңызды бастама. Осындай шаралар арқылы қоғамда экологиялық мәдениет қалыптасады деп сенеміз», – деді Жандос Базартай.

Кент тұрғындары атынан өтініш білдірген қоғам белсендісі Жасұлан Жакупов өтініштің назарға алынып, қолдау көрсеткен «AMANAT» партиясына ризашылығын білдірді.

«Тұрғындар тарапынан көтерілген мәселенің ескерусіз қалмай, қысқа уақытта қолдау табуы – елмен тығыз байланыста жұмыс істеудің көрінісі. Осындай тазалық шаралары тұрғындарды ортақ іске жұмылдырып, туған жерге деген жанашырлықты арттырады», – деді ол.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында аманаттықтар сенбіліктерден бөлек, апта сайын «Таза бейсенбі» акциясын тұрақты түрде өткізіп келеді. Игі шараның басты мақсаты тұрғындарды тазалық мәдениетіне үндеп, қоршаған ортаны күтіп ұстауға қоғам назарын аудару.

Тағы да оқыңыз: