Kyzylorda-news.kz.  Бүгін Тасбөгет кентіндегі Сәбира Майқанова атындағы мәдениет үйінде «Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Сотсыз татуласу орталығының қызметін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасы аясында «Бітім» медиация орталығы» ҚБ-нің атқарушы директоры Жанна Мирамбекқызы және «Әділдік жолы» РҚБ-нің Қызылорда облыстық филиал басшысы Ляззат Шайзадақызының қатысуымен «Еңбек Кодексін» сақтау және келісім-шартта белгіленген талаптарды орындау немесе басшылық тарапынан жасалынған қысымдар мен себепсіз босатуларды болдырмау» тақырыбында кент тұрғындарымен кездесу өткізілді.

Кездесуде азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы айтылды. Бүгінгі таңда азаматтардың өз құқытарын жітік білуі маңызды. Оның ішінде  «Еңбек Кодексінде» көрсетілген жұмыс беруші мен қызметкердің міндеттері, оның заң аясында жүзеге асырылуы маңызды. Өкінішке орай, жұмыс беруші тараптан қызметкерлердің құқығының бұзылу деректері кездесіп жатады. Өз құқығыңды, міндетіңді білудің арқасында мұндай олқылықтарға жол бермеуге мүмкіндік бар.

Кездесуде сондай-ақ мекеме қызметкерлері өздерінің азаматтық-құқықтық нормаларымен, оның ережелерімен танысып, кез-келген мәселені Заң аясында шешудің әдіс-тәсілдерінің тиімді жолдарымен танысты.

Тағы да оқыңыз: