Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласының әкімі Асылбек Шаменов наурыздағы қала тұрғындарымен кездесуінде 2023 жылы атқарылатын жұмыстар қатарымен таныстырды. Соның ішінде шаһар басшысы биылғы жылы қаладағы аумақтардың инфрақұрылымдық деңгейін арттыру мақсатында атқарылатын жұмыс көп екенін баса айтты. 

Атап айтқанда, жарық, су, газ бен жол жөндеу жұмыстары қарқын алмақ. Мұндай жұмыстар қалаға қарасты Тасбөгет пен Белкөл кенттерінде де кең көлемді атқарылады.
Мәселен, Белкөл кентіндегі Сарыарқа және Путейцев көшелеріне 2023 жылы асфальт төсеу жұмыстары жүргізілмек. Ал Жерұйық, Путейцев тұйығы, Әбдіқадыров №2, Әбдіқадыров №4, Әбдіқадыров №6 және Әбдіқадыров №9 көшелеріне қиыршық тас төсеу жоспарға енгізілген. Сонымен қатар кенттің Орталық және Бірлік көшелерінде жаяу жүргіншілерге арналған жол салынбақ.

Мұндай жұмыстар Тасбөгет кентінде де атқарылады. Соның ішінде кенттегі С.Сейфуллин және Ә.Сапарбаев көшелеріне асфальт төсеу жұмыстары жүргізіледі. Ал биыл қиыршық тас төселетін көшелер тізімінде Тасбөгеттегі 21 көше бар. Атап айтқанда, Т.Тайманов, Н.Өткелбаев, Ә.Жангелдин, А.Жанкин, Ж.Әбілқасымов, Т.Батыршаев, Ғ.Мұратбаев пен Электросеть тұйығы, Ж.Дүйсенов, С.Майқанова, Ә.Молдағұлова, Қ.Исмайлов, А.Әбдібаев, Е.Ертуғанов, Ә.Оразбаев тұйығы, О.Сейтпенбетов, Ж.Тәжімов, Б.Меңдібаев, С.Өтеуов, С.Сейфуллин, Ғ.Мұратбаев пен Ж.Махамбетов көшелері бар.

Айта кетерлік жайт Сабалақ саяжайындағы №1 көшеден бастап №18 көшесіндегі жолдарға да қиыршық тас төселетін болады.

Тағы да оқыңыз: