Kyzylorda-news.kz. Соңғы жылдары Тасбөгет кентінде кәсіпті дамыту бағытындағы мемлекеттік бағдарламаларға қатысу қарқыны артып келеді. Биылғы жылы да кенттің көп тұрғынына бағдарламалардың игілігін пайдаланып, кәсіптерін ашуға, кеңейтуге кеңес берілуде. Нәтижесінде ұлттық жоба аясында жыл басынан бері 20 тұрғын Қызылорда «Өңірлік инвестиция орталығы» микроқаржы ұйымы арқылы өз жобаларын қорғап, 120,4 миллион теңге көлемінде қаржылай қолдау тапты.

Сондай-ақ, 400 айлық есептік көлемінде көлеміндегі қайтарымсыз гранттың бірінші легі бойынша 9 тұрғын жалпы сомасы 12 миллион 420 мың теңге жеңіп алған. Қазіргі уақытта, жаңадан кәсіп ашқысы келетін немесе кәсібін кеңейтуге ниет білдіруші 100-ге жуық азамат бағдарлама шеңберінде өз жобаларын ұсынуда. Айта кету керек, 2022 жылы Тасбөгет кентіне 2,6 миллиард теңге инвестиция тартылса, биыл бұл көрсеткіш 3 миллиард теңгеден асып отыр.

Аталған бағдарламалар аясында кент тұрғыны Асылхан Оңалбаев жылыжай кешені жобасына 5 миллион теңге көлемінде қаржылай қолдау алған. Тасбөгет кентінің әкімі Семсер Сыздықов биылғы қыс мезгілінен бастап жұмысқа кіріскен кенттегі жаңа жылыжай жұмысымен танысты. Жеке кәсіпкер «Оналбаев» иелігіндегі нысан осы кезде алғашқы өнімдерін бере бастаған. Кәсіп иесінің айтуынша, жалпы ауданы 500 шаршы метрді алып жатқан шағын жылыжайға қазіргі таңда қияр, қызанақ, бұрыш және көшеттер егіп, өсіріп баптауда. Егер жылыжай жақсы өнім беріп, тұтынушы қызығушылығын арттырса Асылхан Оңалбаев кәсібін одан әрі кеңейтіп, өнім түрін де арттырмақ.

Кент әкімі Семсер Зұлпыхарұлы жылыжай иесіне мемлекеттік бағдарламаларға қатысу арқылы кәсіпті кеңейту жолдары секілді мемлекет сыйлайтын мүмкіндіктер туралы түсіндіріп өтті. Жаңа іс бастауға жүрексінбей, тәуекелге бел буып, білек сыбана кіріскен азаматтың еңбекққорлығына риза болып, қолға алған үлкен жұмыстарына сәттілік тіледі.

Тасбөгет кентіндегі жылыжай жұмыстары жанданды1.jpg

Тағы да оқыңыз: