Kyzylorda-news.kz.  Бүгін Қазалы ауданы Тасарық ауылдық округінде жаңа әкімшілік ғимараты пайдалануға берілді.

Ауыл күні аясында өткізіліп жатқан іс-шаралар барысында аудан әкімінің орынбасары Күнтілес Назымбеков жаңа нысанның лента қию рәсіміне қатысты.

Мұнан соң жаңа ғимарат ішін аралап көріп, жүргізілген құрылыс сапасына оң бағасын берді. Сондай-ақ, округ тұрғындары мен аппарат қызметкерлеріне деген ыстық ықыласын жеткізіп, жаңа ғимаратта жаңа қарқынмен қызмет ету керектігін еске салды.

Айта кетейік, дәл осындай жаңа ғимарат бұған дейін Бірлік, Майлыбас ауылдық округтерінде де ашылған болатын.

Тағы да оқыңыз: