Kyzylorda-news.kz. Бүгін тағы бір тарихи күннің куәсі болып, еліміздің елордасында өткен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсіміне қатыстым.

Рәсімде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына ант берді. Саяси науқан уақытында өз таңдауларын жасаған барша қазақ жұртшылығына өз алғысын білдіре отырып, алдағы 7 жылда көзделген елімізді жаңа қырынан дамытуға арналған сайлауалды бағдарламадағы басымдықтар бойынша тиісті жұмыстар атқарылатынын жеткізді.

Ендігі алда тұрған міндетіміз  халық таңдаған Қасым-Жомарт Кемелұлымен біріге отырып, жұмыс жасауға тиіспіз.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Баршаңызға құтты болсын! 

Қаншагүл Мұстафаева, 

«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының атқарушы хатшысы

WhatsApp Image 2022-11-27 at 15.10.52.jpeg

Тағы да оқыңыз: