Фото: khabar.kz

Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысында Мемлекеттік тіркелімнің жергілікті және Республикалық бөлімдеріне енгізілген 34 табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне тарифтік реттеу функциялары және 4 қоғамдық маңызы бар нарық субъектілеріне қатысты баға белгілеу  функциялары жүзеге асырылады.

Өткен жылдан бастап инженерлік желілер мен жабдықтардың тозық деңгейін төмендетуге, қызметкерлердің жалақысын ұлғайтуға және табиғи монополия саласына алдыңғы қатарлы инновацияларды енгізуді ынталандыру жолымен одан әрі реттеуге мүмкіндік беретін меншік иелерінің есебінен салаға инвестиция тартуды көздейтін «Тарифті инвестицияға айырбастау» жаңа тарифтік саясаты жүзеге асырылуда. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті РММ басшының міндетін атқарушы Күлдарайхан Кеншембаева баяндады.

Оның айтуынша мемлекеттік саясатты орындау мақсатында департамент Қызылорда облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасымен бірлесе 2023-2024 жылдар ішінде коммуналдық саладағы табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын қайта қарап бекіткен. 2 жылға инвестициялардың жалпы сомасы шамамен 19,0 млрд. теңгені құрап отыр.

Мәселен, «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-ның 2023 жылғы 973,36 млн теңге инвестициялық бағдарламасы желілердің тозу деңгейін 68% - дан 65,5% - ға төмендетуге мүмкіндік берген. Ал биылға көзделген 1682,37 млн. теңге инвестиция сомасы тозу деңгейін 1,42% - ға немесе 65,5%-дан 64,08%-ға дейін төмендетпек. Сондай-ақ, «Қызылорда жылу электр орталығы» МКК-ның өткен жылғы 8039,15 млн. теңге инвестициялық бағдарламасы желілердің тозу деңгейін 48% - дан 44,87% - ға төмендетуге мүмкіндік берді. Биыл 6247,66 млн. теңге инвестиция бөлінуде, ол  3,03% - ға немесе 44,87%-дан 41,84%-ға дейін төмендетуді көздейді.

Сонымен қатар «Қызылорда су жүйесі» МКК-ның былтырғы 650,86 млн. теңге инвестициялық бағдарламасы ауыз су желілерінің тозу деңгейін 18% - дан 16,02% - ға төмендетуге мүмкіндік берді. Ал биылғы  563 млн. теңге инвестиция суды бұру желілерінің тозу деңгейін төмендетуге жұмсалмақ. Облыс орталығындағы вокзал маңы бөлігі мен өңір разъездеріндегі тұтынушыларды сумен қамтамасыз ететін «Теміржолсу-Қзыл-Орда» ЖШС-ның өткен жылғы 16,7 млн. теңге инвестициялық бағдарламасы желілердің тозу деңгейін төмендетуге жұмсалса, биыл бұл жұмыстарға 24,57 млн. теңге инвестиция қарастырылып отыр.

2029 жылға дейін тозу деңгейін 15%- 20% - ға  төмендету мақсатына қол жеткізу үшін осы жұмыстар одан әрі жалғасатын болады.

Сонымен қатар, қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес стратегиялық тауарлардың құнының (мысалы, электр қуаты, газ, көмір, мазут және т. б.), салық ставкаларының және басқа да міндетті төлемдердіңөзгеруі тарифтерді қайта қарау үшін негіз болып табылады. Осыған байланысты, департаментпен өткен жылы «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-на 16,2%-ға өзгерумен (5,676 теңге), «Қызылорда жылу электр орталығы» МКК-на 15%-ға (6582,01 теңге), «Қызылорда су жүйесі» МКК-на сумен жабдықтау қызметіне 4,8%- ға(62,67 теңге), суды бұру қызметіне 5%-ға (70,70 теңге),«Теміржолсу-Қзыл-Орда» ЖШС -не 20,8% -ға (404,63 теңге) өзгертіліп тарифтер бекітілді.

Биылғы жылдың қаңтар айынан бастап «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК-ның  жылумен жабдықтаужәне «Теміржолсу-Қзыл-Орда» ЖШС-нің сумен жабдықтау қызметтерініңтарифтерін қоспағанда,электр энергиясының, газ, судың тарифтері,өзгеріссіз 2023 жылғы желтоқсан айынын деңгейінде қалды. Бұл жерде айтып кететін жай, аталған субъектілерге бұрын ұзақ мерзімді кезеңге жеке-жеке жылдар бойынша тарифтер бекітілген болатын, − дейді Күлдарайхан Тоқанқызы.

Осыған байланысты, «Қызылорда жылу электр орталығы» МКК бойынша қаңтар айынан бастап жоспарлы 12,6% өзгеруімен немесе 1 Гкал-ға 7414,01 теңгені құрайтың тариф қолданылады. Бұл ретте, субъектіге өткен жылы уақытша өтемдік тарифтер енгізілген болатын және тарифі 1 Гкал-ға  7402,22 теңгені құрады. Оның ішінде  тұтынушылар топтары бойынша тарифтер тұрғындар үшін - 2991,76 теңге бұл өткен жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда 7% - ға өзгерген. Бюджеттік ұйымдар үшін – 24970,36 теңге немесе 15% - ға өзгерсе, өзге тұтынушылар үшін - 5463,95 теңгені құрады.

Сонымен бірге, «Теміржолсу-Қзыл-Орда» ЖШС-нің биылғы қаңтардан бастап 13,7%-ға  жоспарлы өзгерді. Енді 1 м3  459,61 теңгені  құрайтың тариф қолданылады. Бұл ретте, субъект бойынша өткен жылдың қаңтар айынан бастап бекітілген  уақытша өтемдік тариф қолданылады, яғни 433,02 теңге. Тұтынушылардың  топтары бойынша тоқаталатын болсақ,  халық үшін - 60,57 теңге бюджеттік ұйымдар үшін – 193,67 теңге, тж.кәсіпорындарына -873,53 теңге.

Биылғы жылдың бес айында  келесі тарифтер бекітілді:  «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-на 15 сәуірден бастап ҚҚС-сыз 1 кВт.сағ 7,206 теңгеге өзгерді. «Кызылорда су жүйесі" МКК-ның суды бұру қызметіне 1 мамырдан бастап орташа тариф 71,85 теңгені құрады. Ал тұрғындар үшін - 46,16 теңге болса, бюджеттік ұйымдар, басқа тұтынушылар үшін және жылумен қамтамасыз ететін кәсіпорындар үшін  (113,34 теңге; 123,35 теңге және 73,47 теңге) тарифтер қолданыстағы деңгейінде қалдырылды.

Сондай-ақ  «Нұра топтық су құбыры» РМК-ның «Арал» СЖКБД филиалына 1 шілдесінен бастап ұзақ мерзімді кезеңге тарифтер бекітіліп, биылға арналған суды магистральдық және таратушы жүйелер арқылы беру қызметі бойынша  тарифі 492,22 теңгені,  суды жергілікті таратушы желілер арқылы беру қызметі бойынша – 421,21 теңгені құрап отыр. Субъектімен халыққа субсидияланған тариф қолданылады, есепке алу аспаптары жоқ тұтынушыларға ҚҚС-мен 40 теңге мөлшерінде, есепке алу аспаптары бар тұтынушыларға ҚҚС-мен 30 теңге мөлшерінде төлейді. Ал «Қызылорда жылу электр орталығы» МКК-на биылғы 5 маусымнан бастап жылуен жабдықтау қызметіне 1Гкал-ға  7968,47 теңгеге өзгерді, оның ішінде халыққа орташа босату тарифі  ҚҚС-сыз 3386,1 теңгені құрады.

Бұдан басқа, 15 сәуірден бастап Арал және Қазалы аудандарын электрмен жабдықтайтың «Дәулетэнерго» ЖШС-не шекті бағалары келісілген, орташа босату тарифі ҚҚС-сыз 24,61 теңге (3,9%) көрсетеді.

Тұтынушылар топтары бойынша тарифтерді бекіту кезінде Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 3-тармағы (табиғи монополиялар саласында және қоғамдық маңызы бар нарықтарда тарифтерді тоғыспалы субсидиялаудан біртіндеп бас тарту) басшылыққа алынды. Соңында ол тұтынушылар топтары арасындағы тарифтерді теңестіруге әкелуге тиіс.

Айта кететін жайт, «ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ның Қызылорда өндірістік филиалының тауарлық газды бөлшек саудада өткізуінің бағасына келсек, онда ол осы сәтке дейін өзгеріссіз қалды. Яғни, халық үшін 1000 м3-ге ҚҚС-сыз 14577,4 теңге мөлшерінде (1 м3 ҚҚС-мен 16,327 теңге ).

Сонымен бірге, ҚР Энергетика министрлігінің 31.05.24 жылғы №218 бұйрығымен Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағалары бекітіліп, біздің аумақ бойынша 2024 жылдың 1 шілдесінен 2025 жылдың 30 маусымына дейін баға 1000 м3 12136 теңгені құрады немесе өзгеруі 1 м3 - 2,02 теңге. Бұл өзгерістер және тауарлық газдың тасымалдау қызметінің уақытша төмендеген тарифінің мерзімі 1 шілдесінен аяқталуы тиесінше  тауарлық газдың түпкілікті бағасының өзгеруіне әкеледі.

Бұдан басқа, департамент тарапынан тұрақты негізде субъектілердің бекітілген инвестициялық бағдарламалар мен тарифтік сметаларының орындалуына бақылауды жүзеге асырады. Осылайша, 2022 жыл бойынша ұсынылған есептердің талдау қорытындысымен 2023 жылы 16 субъектіге 28-реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрлері бойыншауақытша өтемдік тарифтер енгізілді, тұтынушыларға қайтарылған сомасы 883,0 млн. теңгені құрады және қолданыстағы тарифтер мөлшері 0,1% - нан 52,7% - ға дейін  төмендеді. Осындай жұмыстар қазіргі уақыттада жалғасын табуда, − дейді К. Кеншембаева.

 

                                                                                                                Мейрамгүл Дауылбайқызы

Тағы да оқыңыз: