Kyzylorda-news.kz. Жаңақорған ауданының білім ордасында Қызылорда облысы білім басқармасының  «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында оқушылармен «ТÄRBIE TALQY» алаңы болып өтті. Әр ұлт өзінің ұлттық құндылықтарымен ерекшеленеді. Бүгінгі таңдағы ғаламдану үдерісінде, Еуропалық өмір салтына еліктеу басым болып тұрған қоғамда ұлттық құндылықтарды сақтау, ұлттық сананы сақтаумен егіз ұғым іспетті болып отыр. Оның ішінде ер бала тәрбиесіне, әкенің қоғамдағы орны ерекше. 

Атаулы жиынды Аудандық білімі бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бекжан Шахизатұлы ашып, жалпыадамзаттық құндылықтарды санасына сіңірген өскелең ұрпақты тәрбиелеуге бағытталады. 

Кездесуге аудан бойынша орта білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушылары қатысты.  Шараның  негізгі  мақсаты - тұлға дамуы қамтамасыз етілетін және оқу-тәрбие үдерісін басқарудың, оқу үдерісінің, сабақтан тыс тәрбие жұмысының, қосымша білім берудің, сыртқы әлеуметтік институттармен қарым-қатынастың құндылық әлеуетін күшейту арқылы рухани-адамгершілік. Әке деген ұлы есім. Әке – әркімнің сүйенер тіреуі. Әке әркімге қымбат. Қай қоғамда да педагог ұрпақ тәрбиесіне жауапты тұлға екенін ескерсек, қазіргі қоғамдағы педагогтардың міндеті –өскелең ұрпақтың бойында ұлттық сананы қалыптастыру. Осы орайда кездесуге келген ағаларымен ер балалармен сұхбаттасып, еркін форматта ой бөлісті. Мақсатымыз -тұлға дамуы қамтамасыз етілетін және оқу-тәрбие үдерісін басқарудың, оқу үдерісінің, сабақтан тыс тәрбие жұмысының, қосымша білім берудің, сыртқы әлеуметтік институттармен қарым-қатынастың құндылық әлеуетін күшейту арқылы рухани-адамгершілік, жалпыадамзаттық құндылықтарды санасына сіңірген өскелең ұрпақты тәрбиелеу.

Еркін форматтағы кездесу барысында отбасы құндылықтары, қазақ халқының салт-дәстүрлерінің мәні, қыз бала мен ер бала тәрбиесіндегі негізгі өзекті мәселелер, "Қазіргі таңдағы қыз бала бейнесі", "Бүгінгі ер бала бейнесі" тақырыбында жан-жақты мәселе қозғалды.

Кездесу алаңының соңғы бөлімінде мазмұнды әлеуметтік бейнеролик көрсетіліп, оқушылардың ой-пікірлері тыңдалды. Оқушылар өз кезегінде модераторларға сұрақтар қойып, тұшымды жауаптар алды. Ұйымдастырушылар алқасына алғыстарын білдіріп, осындай игі шаралар көбірек болса деген тілектерін білдірді.

Тағы да оқыңыз: