Kyzylorda-news.kz  Америкалық танымал әнші Джастин Тимберлейк мас күйінде көлік жүргізгені үшін қамауға алынды. Бұл туралы ақпаратты АҚШ құқық қорғау органдарындағы дереккөздерге сілтеме жасап ABC News жазды, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Әнші дүйсенбі күні кешке Нью-Йорктегі Саг-Харборда қамауға алынған. Оның сейсенбі күні соты өтеді.

Басылым басқа мәліметтерді жария етпеді. 43 жастағы Тимберлейктің Чикаго мен Нью-Йоркте бірнеше концерті жоспарланған.

Джастин Тимберлейк – әйгілі әнші, «Эмми» сыйлығының төрт дүркін және «Грэмми» сыйлығының тоғыз дүркін иегері.

dzhastin.webp

Сурет: gagarin.mos.ru

Тағы да оқыңыз: