Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданы орталығындағы №35 И.Тоқтыбаев, №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицей және №210 О.Әбілпаттаев, №131 Т.Қозыбаев атындағы орта мектептің базасында «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбында дәстүрлі тамыз конференциясы аясында ұстаздардың әдістемелік алаң отырыстары өтті. 

Аталған әдістемелік алаңға қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пән мұғалімдері, мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері, директордың тәрбие орынбасарлары, қосымша білім беру ұйымдары, бастауыш сынып мұғалімдері, директордың бағдарлы орынбасарлары қатысты.

Әдістемелік алаң барысында 2022-2023 оқу жылы қорытындыланып, жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқытудағы ұстаздарды толғандырып жүрген өзекті мәселелер талқыланды. Білім беру жүйесін жетілдірудегі негізгі мақсаттар мен міндеттер айқындалып, 2023-2024 оқу жылындағы «Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат таныстырылды.

Сонымен қатар, қатысушылар оқу жоспары, оқулықтар, оқу бағдарламасы мен қазіргі білім беру тенденцияларын талқылай отырып, озық педагогикалық іс-тәжірибелер, әр пән бойынша шебер-сыныптар көрсетіп, өзара тәжірибе алмасты

Тағы да оқыңыз: