Kyzylorda-news.kz Талсуат ауылдық округінің әкімі Ерлан Бейсенбаев бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне І жартыжылдықта атқарылған жұмыстар бойынша баспасөз конференциясын өткізді.

Ауылдық округте 191 шағын кәсіпкерлік нысан жұмыс істеуде. Жыл басынан жаңадан 5 кәсіпкерлік нысан тіркеліп, мемлекеттік бағдарламалар аясында ауыл тұрғындарының 11 жобасы қаржыландырылды. Оның ішінде,  5 ауыл тұрғыны  7 млн. 864 мың теңге қайтарымсыз грантқа ие болды. «Ауыл аманаты» жобасы аясында 43,5 млн. теңгені құрайтын 4 жоба қаржыландырылды. Бағдарламамен кәсіпкерлер ет өндірісі, жұмысшы қолғап цехы, қымыз, жартылай фабрикаттар өндірісі жобаларын жүзеге асыруда.

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша  42 гектар жерге, оның ішінде 29,4 га көкөніс, 1,8 га картоп, 11 га бақша дақылдары егіліп, мал саны 3383 басқа жетті.

- Биыл  әлеуметтік қызмет көрсететін 3 мекемеге жаяу жүргіншілер жолы салынып, көше жарығы жүргізілді.  №3 тұйық көшеге тас төселіп, 1-ші тұйық көшесіне түнгі жарық бағаналары орнатылды. Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Тағзым алаңында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.  Сондай-ақ, Сығанақ көшесіне тас төсеу, Ақмешіт, Астана, Алматы, Отырар, Сауытбаев көшелеріне көше жарығын жүргізу және Құмкөл, Атырау, Ақмешіт, Нұрмағамбетов көшелеріне жаяу жүргіншілер жолын салу жобаларын жүзеге асыру үшін бюджетке өтінім берілген, - деп қорытындылады Ерлан Тұтқабайұлы.

Тағы да оқыңыз: