Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласына қарасты Талсуат ауылдық округінде 2022 жылы есеп бойынша тұрғындар саны 2354 адамды құраса, оның ішінде экономикалық белсенді халық саны 1093 адам. Ауылдың 190 тқрғыны өзін-өзі жұмыспен қамтыса, 202 адам зейнетте. Ал ауылдық округтегі жұмыссыздық деңгейі 0,5 пайыз, яғни жұмыссыздар саны – 5 адам.
2022 жылы ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатыстыру арқылы 1 адам жастар практикасына, 1 адам әлеуметтік жұмысқа, 15 адам қоғамдық ақылы жұмыспен және 17 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
2022 жылы ауылдағы тұрмыс деңгейі аз қамтылған 105 отбасына 18,2 миллион теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек жәрдемақысы төленген. Ал қайырымдылық акциялары аясында 19 тұрмысы төмен отбасыларға азық-түліктей және басқа да қолдау шаралары ұйымдастырылған.
Өткен жылы ауылдық округтің бюджеті 78 668,2 теңгені құрап, жыл соңында толық игерілген. Айта кету керек бұл бюджетке 2021 жылы орташа жол жөндеу жұмыстары жасалған 5 көшеден үнемделген 18 708,1 теңге қаржы қосылды. Ауылдық округ бойынша жыл басында салық түсімдерінің жоспары 5815,0 теңгеге бекітіліп, қараша айында 4439,0 мың теңгеге түзетілген. Ал жыл соңында 4642,6 теңге түсім түсіп, жылдық жоспар 104,5 пайызға орындалған.
Жергілікті бюджеттен бөлінген 5263 мың теңгеге елді мекендегі көшелердің түнгі жарық бағаналарын, барлығы 202 дана бағананы күтіп ұстау жұмыстары жүргізілген. «Өңірлерді дамыту бағдарламасы» аясында 1856,1 теңгеге ауылдық округтегі Көкшетау және Қазалы көшелерін жарықтандыру жұмыстары жасалған. 2022 жылдың қазан айында «Туран ВодСтрой» серіктестігінің демеушілігімен балалардың ойын және тренажер алаңы салынды.
Ауылдық округтегі арық жүйелері жүргізілген 3 көшені аяқ сумен қамту мақсатында 2 ұңғыма қазылып, пайдалануға берілген. Электр желілері талапқа сай жүргізілмеген 13 көшедегі ағаш бөренелерді ауыстыру мақсатында қалалық құрылыс бөлімімен жобалау-сметалық құжаты әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынған. Негізінде жоба құны 69759,3 мың теңге.
Бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде атқарылған жұмыстардың нәтижесінде ауылдық округте 150 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істеп келеді. Оның ішінде 2021 жылы 126 кәсіпкерлік субъектісі болса, 2022 жылы тағы 24 кәсіпкер тіркелген.
2022 жылғы 18 ауыл тұрғыны әр түрлі бағытта кәсіпкерлікті дамытуға несие беру орталықтарынан 55,8 миллион теңге несие рәсімдеген. 2021 жылы бұл көрсеткіш 32,6 миллион теңгені құраған еді. Ал «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 20 адам оқып, сертификат алса, оның ішінде 7 адам 8,6 миллион теңгеге мемлекеттік қайтарымсыз грант жеңіп алған.
Ал, Бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында «Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу» бойынша Талсуат ауылдық округіндегі 2 шаруа қожалық 2,2 миллион теңге субсидия алған.
Жалпы Талсуат ауылдық округінің жер көлемі 2018 гектарды құрайды. Оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатында 29 шаруашылыққа табысталған жер учаскесінің көлемі 882,9 гектар. Ал ауылдық округте жалпы саны 3065 мал басы тіркелген.
2022 жылы ауылдық округтегі 150 орындық №178 орта мектепте барлығы 418 оқушы білім алған. Сол жылы мамырда 9 оқушы 11-ші сыныпты, 37 оқушы 9-шы сыныпты аяқтады. Ұлттық бірыңғай тестілеуге барлық 11 сынып түлектері қатысып, оның алтауы мемлекеттік грантқа иегері атанған.
Сонымен қатар, ауылдық округте бір мемлекеттік және жеке балабақша бар. Мемлекеттік «Заңғар» балабақшасында ауылдың 90 бала тәрбиеленсе, «Балнұр» жеке бала бақшасында 15 бала тәрбиеленуде.
Одан бөлек ауылдық округте апаттық жағдайдағы ауылдық клуб және бір кітапхана жұмыс істейді. Ауылдық клуб жанына 5 үйірме ұйымдастырылған. Сонымен бірге ауылдық округте мемлекеттік конкруста жеңімпаз атанған «Өмірзақ» серіктестігі жаңадан 150 орындық ауылдық клуб ғимаратының құрылысын жүргізуде. Құрылыстың аяқталу мерзімі 2023 жылдың сәуір айына жоспарланған.
Ауылдық округтегі дәрігерлік амбулаторияда 8 медицина қызметкері ауыл тұрғындарына қызмет көрсетеді. Қызмет көрсету аймағына Талсуат ауылымен қатар 11-бекет, Дружба және Строитель саяжайлары кіреді. Амбулаторияда диспансерлік есепте 345 адам тұрады. Өткен 2022 жылы ауылдық округте 53 сәби дүниеге келген.
Биылғы жылы Талсуат ауылдық округінде бірқатар жобалар жүзеге асып, қарқынды құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Мәселен, жоба құны 65151,0 теңгеге ауылдық округтегі 8 көше асфальтталады. Оның ішінде О.Сауытбаев тұйығы, Құмкөл, Сейхун, Отырар, Сырдария, 7-ші көше, Көкшетау, Қазалы көшелері бар. Бүгінде мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, жеңімпаздары анықталуда.
Ал «Өңірлерді дамыту бағдарламасы» аясында құны 2054,0 теңгеге ауылдағы Ақтөбе көшесіне түнгі жарықтандыру жүргізіледі. Сонымен қатар ауылдық округтегі 2010 жылы салынған А.Құнанбаев көшесінде орналасқан балалар ойын алаңын ағымдағы жөндеу және №7 көшені түнгі жарықтандыру жүргізіледі. Бұл жұмыстарға құны 5 миллион теңге қаржы қарастырылған.
13 көшеге талапқа сай электр желісін жүргізу жұмыстары жобасы «Ауыл-Ел бесігі» жобасына ұсынылған. Құны 69759,322 теңге болатын жоба қолдау тапқан жағдайда жұмыстар атқарылатын болады. Сондай-ақ ауылдағы Алматы, Астана, Ақмешіт, Отырар, О.Сауытбаев көшелеріне жарық жүргізу бойынша жобалау-сметалық құжаты жасалып, сараптаманың оң қорытындысы алынған. Ал ауылдағы Құмкөл, Ақмешіт, Атырау, С.Нұрмағамбетов көшелеріне жаяу жүргіншілер жолын салу бойынша жобалау-сметалық құжаты жасалып, сараптаманың оң қорытындысы шыққан.
Ауылдық округ аумағында орналасқан әлеуметтік қызмет көрсететін 3 мекемеге жаяу жүргіншілер жолын салу үшін жобалау-сметалық құжаты сараптамасымен жасатуға мемлекеттік сатып алу жарияланып, жеңімпазы анықталған. Ал Сығанақ көшесіне тас төсеу үшін жобалау-сметалық құжаты жасалады.
