Kyzylorda-news.kz  Талсуат ауылдық округінде «Qosyl wave» жобасы аясында жастар мен жасөпірімдер, тұрғындар үшін мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды кеңінен насихаттауға бағытталған көшпелі кеңес беру жұмыстары жалғасын табуда.

Бүгінде мемлекет тарапынан жастарға көптеген мүмкіндік берілуде. Оның ішінде кәсіп ашу үшін жеңілдетілген несие беру, білім алу және басқа да мүмкіндіктерді пайдалана отырып өз мүмкіндігін арттыруына болады. Осы мақсатта ауылдық округтердегі жастармен кездесіп мемлекеттік бағдарламалардың әлеуетін, оның болашаққа әсерін және ең озық жобаларға жастардың қатысу мүмкіндіктері талқыланды.

Шара аясында мектеп бітіруші түлектер үшін ұстаздар мен ата-аналарға мамандық таңдау бойынша өңірдегі жоғары және орта арнаулы оқу орындарының мамандары кәсіби бағдар беруде.

Сонымен қатар, ақпараттық топ өкілдері кәсіпкерлікке баулу, шағын несие, қайтарымсыз гранттар, мамандықпен немесе тыс жұмысқа орналасу, «Дипломмен ауылға» бағдарламасының мүмкінідіктерін ақпараттандырылды.

Сондай-ақ шара аясында Қызылорда Облысының Әділет Департаментінің мамандары мен сот орындаушылары жастарға құқықтық көмек көрсету бойынша жеке қабылдаулар жүргізді.

Тағы да оқыңыз: