Kyzylorda-news.kz. «AMANAT» партиясы облыстық филиалының «TALQILAU» алаңында өңірдегі газ сапасы, бағасы, тарифтер және басқа да мәселелер талқыланады.
Талқылауға спикер ретінде ҚР Парламенті Мәжіліс төрағасының орынбасары, Мәжілістегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Балайым Кесебаева, «КазТрансГаз Аймақ» АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Байтақ Әлиев, сонымен қатар «QazaqGaz» Ұлттық компаниясы өкілдер мен өңірдегі жауапты сала басшылары сонымен қатар ZOOM желісі арқылы Қазақстан Республикасының Энергетика бірінші вице-министрі Мұрат Жөребеков, вице – министр Жандос Нұрмағанбетов, ҚР Энергетика министрлігі газ және мұнай-газ-химия департаментінің директоры Сәлім Нағым және аудан әкімдерінің орынбасарлары қатысты.
Жиын соңында мәселеге нақты зерделеу жұмыстарын жасау үшін партия жанынан құрамы барлық тиісті сала өкілдері мен қоғам белсенділерінен жасақталған арнайы комиссия құрылып, мәселенің оң шешілуіне жұмыс жасалатын болды.


