Талғат Дүйсебаев: Газ таратуды қолға алуымыз қажет – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Талғат Дүйсебаев: Газ таратуды қолға алуымыз қажет

27.01.2021, 11:40

695 0

Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданының әкімі Талғат Дүйсебаев Тереңөзек кентіндегі жоғары қысымдағы газ реттегіш пунктерді аралап көрді. «Қызылорда газ тарату жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Тереңөзек кенті учаскесі мамандарымен пікірлесіп, қауіпсіздікке аса мән беру керектігін ескертті.

«Аудан орталығын табиғи газға қосуды кент тұрғындары асыға күтуде. Бүгінде Тереңөзек кенті бойынша 262 тұрғын үй және 11 әлеуметтік нысан газдандыруға бейімделген. Оларға 6 жоғары қысымдағы газ реттегіш пунктері арқылы газ тарайды. Қазіргі таңда кент орталығына көгілдір отын келіп тұр. Ендігі жерде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтай отырып, газ таратуды ұйымдастыруымыз қажет. Бұл біздің басты назарымызда. Осы ретте, тұрғындар да қауіпсіздік шараларына аса мән беруі керек», – деді аудан басшысы.

Газдандыруға қатысты атқарылып жатқан жұмыстарды «Қызылорда газ тарату жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Тереңөзек кенті учаскесінің бастығы Б.Ысқақов айтып өтті.

2021 жылдың 25 қаңтарында жоғары қысымдағы автоматтандырылған газ тарату станциясынан (АГРС) Тереңөзек кентіндегі жоғары қысымдағы газ реттегіш пунктеріне (ГРП) дейін көгілдір отын жеткізілді. Қауіпсіздік талаптарына сәйкес кенттегі жоғары қысымдағы газ реттегіш пунктеріне жеткізілген газ белгілі уақытқа дейін тұруы тиіс. Бұл аралықта сала мамандары газ құбырларын тексеріп, халыққа сапалы және қауіпсіз газды жеткізуді ұйымдастырады.

0

Пікір қалдыру