Kyzylorda-news.kz   Апат айтып келмейді. Өздеріңізге мәлім еліміздің бірнеше аймағында қатты су тасуы болып, халықты әбігерге салуда. Оқыс жағдай орын алып жатқан облыстардағы ахуал тұтас елді алаңдатып отыр. Бұқаралық ақпарат құралдарынан қиын жағдайды көріп, оқып, еңсеміз түсті. Ондағы жұрттың жай-күйін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Десе де болған іске болаттай берік болуға, сабырлылыққа шақырамын. Бұл күндерде өтер, кетер. Ең бастысы мемлекет тарапынан қолдау мен қорғау барын ұмытпаңыздар.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Үндеуі арқылы барша қазақ елін ауызбіршілікке, табандылыққа бастады. Зардап шеккен жандардың әрқайсысына көмек көрсетілетін нақты айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Еліміздің бірқатар өңірінде табиғи апат орын алған сәттен бері достас мемлекеттердің басшыларынан жылы лебіздері мен көмек көрсету жөнінде ұсыныстары жазылған хаттар келіп түсіп жатқандығын алға тартты. Қазақстан жойқын су тасқыны кезінде жәрдем беруге дайын екенін білдіргені үшін достас елдерге шын жүректен алғыс айтты.

Табиғи апат тосыннан тап келді. Біздің күшіміз бірлікте. Бір-бірімізге қиын шақта сөзбен, іспен қолдау көрсетіп, осы күндерді бірге еңсереміз деген сенімдемін. Мемлекет басшысы айтқандай жел сөзге ермей, ресми ақпараттармен қанығып, келер күнге үмітпен қарауға шақырамын.

Талғат Әліпбаев,

Қазалы аудандық мәслихат депутаты.

Тағы да оқыңыз: