Kyzylorda-news.kz Осы жылдың мамыр айында Көлік және Ішкі істер министліктерімен және «ІnDriver», «Яндекс» такси қосымшаларының басшылығы арасында өзара Меморандум жасалған еді. Осы меморандумға сәйкес 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап «ІnDriver» такси қосымшасына басқа мемлекетте тіркелген, басқару құрылғылары оң жақта орналасқан және ҚР Заңнамасын жиі бұзатын автокөліктерге тіркелуге шектеу қойылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Соңғы кездері жүргізушінің тынығу режимінің бұзылуы, рейс алдында медициналық және механикалық тексеруден өтпеуі, міндетті сақтандырусыз жолаушылар тасымалдауы салдарынан жол апаты көбейді. Елімізде «InDriver», «Яндекс» такси бағдарламасын мобильді қосымшаға тіркеу арқылы қаншама көлік жолаушыларды тасымалдайды. Алайда ол азаматтар бекітілген Ұлттық стандартқа, такси тасымалдаушыларына және қызмет көрсететін такси автокөліктеріне қойылатын талаптарына сәйкес келмейтін автокөліктермен жолға шығады», деді Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек.

Фото: egemen.kz

Тағы да оқыңыз: