Kyzylorda-news.kz. Жамбыл облысында шекара қызметінің сарбазы қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
18 жастағы Бекбол Мираш Атырау облысының тумасы. Қызылқоға ауданындағы Миялы ауылында дүниеге келген. Туыстары сарбаздың қайтыс болғанын растады.
“Қазір Тараздамыз. Денесін ұшаққа салып жатырмыз…”, – дейді олар.
Айта кетері, бұған дейін әлеуметтік желіде Бекболдың өз-өзіне қол салғаны туралы ақпарат тарады.
